bkogov.kz Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп - балабақша кешені» КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп - балабақша кешені» КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

2024 жылдың 20 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай балабақша кешенінің “Жаһанша пікірі” дебат клубының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясында дебат үйірмесі жетекшісі Н. Ш. Мустафиеваның ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі өткізілді. Дебат оқушылардың ой-өрісін дамыту, аналитикалық ойлау және қоғамдық мәселелерге қатысты терең пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шара жастарға өз пікірлерін ашық және нақты жеткізуге, көпшілік алдында сөйлеу шеберліктерін арттыруға мүмкіндік берді.

«Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі әртүрлі кезеңдерден тұрып, қатысушыларға өз идеяларын қорғау үшін түрлі тақырыптар ұсынылды. Әр румда командалар кез келген қоғамдық, экономикалық немесе әлеуметтік тақырыпта пікірталас жүргізіп, қарсыластарының аргументтерін жоққа шығаруға тырысты. Командаларға арнайы төрешілер бекітіліп, олардың сөйлеу өнері, дәлелдерді жеткізу әдістері, логика және қатысушының ашықтық деңгейі бағаланды.

Турнирдің соңында үздік командалар мен спикерлер марапатталды. Турнирдің ерекшелігі кіші буын 3 фракцияның тұсауы кесілді. 


#біртұтас_тәрбие 
#ұшқыр_ой_алаңы

2/5